Бүгін былай деді Вова:
«Сұлусың сен, Петрова»
Оныменен Вася дағы келісті:
«Барлық қыздан сыныптағы әсемсің
сен деп».
Серёжа да қолдап жатыр Вованы:
«Воваменен келісемін мендағы».
Саған арнап айтты ақын:
«Сен, әсемсің» мойындайды мұны тіпті ол дағы.
Андрюша келіп Ленаға:
«Достым, Лена», – деп жалынды.
«Қарсы болма, отырайын қасыңа,
Бір сабаққа қи жаныңды».
Вася мен Вова бақталастарына
Түстерін суытып қарады.
Сол сәтте Илья:
«Жоқ, Петровамен отырам!»
Дауысы жер жарады.
Сол сәтте Илья Вовканы
Алды кеп жағадан,
Бір- бірін төмпештеп соққаны,
Әдет қой еркекке сый болған
бабадан.
Сол сәтте мұғалім
Табалдырықтан аттаған,
Сұрады: –Не, – деп, – бұларың?
Қас-қағым сәтте балалар жым
болып,
Мұғалім сабағын бастаған,
Бұларға сынай көз қырын тастаған.
– Төбелесқор, тентек, сотқарлар
Жазсаңдар дененің құрлысын
Сендерге ұсынам бұл үшін
Жеті есеп үстеме.
Балалар аңырды дей алмай ештеңе.
– Ал, Петрова, сені мен
Сабақтан ертерек жіберем,
Тоқсандық бағаң – бес,
Оқыдың ынтамен,
Оқыдың жігермен.
Ал, Вова, міңгірлеп көңілсіз:
– Бар, жоғал, жаттампа,з жөніңе.
Ленаға сыбырлады Андрюша:
–Бара бер, қымбаттым, сені ме.
Ал, Витя оның соңынан:
– Сұлусыз да өмір сүреміз,
Сау бол,
Эшафот болса Эшафот.
ЕЛЕНА ИГНАТОВСКАЯ
Аударған: Сүлеймен Баязитов