Әлем әдебиетін алып жүрекке
теңер болсақ, аударма – соның толассыз тынбай соғатын ұлылы - кішілі қантамыры,
кешегісі, бүгінгісі, ертеңгісі.
Аударма арқылы бір ұлттың өкілі басқа бір
ұлттың өмір тынысын, салт - дәстүрін, мақсат- мүддесін, шадыман-шаттығын,
өкінішті өксігін, алыс қиырларға бастар асыл арманын, сергек сенімін, тарихын
танып-білуге мүмкіндік алады.
Аударма арқасында сан алуан
әдебиеттер адамзаттың игілігіне айналумен келеді.Ұлттық әдебиеттер діни тарихта алар орнын тап
басып белгілеумен қатар ілгері дамуына
өлшеусіз үлес қосуда. Аударма – алтын көпір.
Сүлеймен Баязитов
Сүлеймен Баязитов