Әркімнің әрқилы тағдыры
Біреуі тым қысқа ...
Ал бірі ұзақтығымен таңқылды.
Осыны ұққан сәтте сен
Балаша өмір сүресің пәктікпен,
Сол сәтте сендегі күлкі әсем
Жүгіңді арқалайсың сақтықпен.
Түсіретін негативтер
Катушкаға салынған ретпен.
Әр ретте
Айқындалады бір кадр
Дәйек қой бұл да бір.
Данышпан, есуас, бүлікшіл,
Құлақкесті құл болсақ та біз
тегі,
Айқындайды фотоүлдірек,
Айқындайды беймәлім жүздерді.
Жүздеп... мыңдап...
миллиардтап...
Кей күндердіі шайып кеткен,
Кей жылдардың түбіне жарық
жеткен.
Бір тегіс сәтті түсіруге,
Санаулының ғана қолы жеткен.
Шеберлікке салған салмақ,
Сол жылдардан өткен самғап.
Тәңір өзі адамзатқа
Ең тазасын, ең жарқынын
Мәңгілік ескерткіш қып,
Алмақ таңдап.ОЛЬГА ГРИГОРЬЕВА
Аударған: Сүлеймен Баязитов