Бірде үзіліс кезінде
Сездірместен өзіне
Партасын көршім Ленаның
Борменен сызғылап боядым.
Пиналын тесіп тастадым,
Жұлқыдым екі рет бұрымнан.
Сескеніп саспадым,
Мазақтай бастадым.
Аяғын оңдырмай
Екі рет басқанмын.
Мен тентек, бұзақы емеспін,
Оқимын бесінші сыныпта.
Өзгелер Ленаны ұнатады демесін,
Хат жазғам мен оған жуырда.
ЕЛЕНА
ИГНАТОВСКАЯ
Аударған: Сүлеймен Баязитов