Алысқа шақырады жол бізді,
Шамадан толы керекті заттарға.
Ып-ыстық тосады ел бізді,
Жаз болса асығады босаға аттауға.
Сол елдің қайда екенін
Тек өзі табады картадан.
Табады адаспай мекенін,
Киіп ап гүлді халатын.
Әйнектен жымиып қарайды,
Күз оны перронда қарсы алатын.
«Қош бол жаз» деуге бір жарайды
Ал жолсерік вагонда
Шайына жылытып, су шаштарын
тарайды,
Пойыз вокзал бойымен жылжиды
ақырын.
Алда әлі жүздеген шақырым
Жаз болса достарына уәде береді,
Көктемнің соңында үйіне қайтып
келеді.
ЕЛЕНА ИГНАТОВСКАЯ
Аударған: Сүлеймен Баязитов